ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты жаңа мәлімдеме жасады

Танымал

Ел аузында

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймыл шешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, – деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Клюгеның айтуынша, маймыл шешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың  қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.

Сондай-ақ, ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.

«Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары», – деді Клюге.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev Ketan ұялы телефонын абайсызда такси көлігінде қалдырып кеткен.Шетелдік турист қонақүйден...