Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда балаларды қорғау күні қалай тойланады?

Танымал

Ел аузында

1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Астанада балалар мерекесіне орай 60-тан астам іс-шара өтеді, оның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 маусымда таңертең қаладағы ауруханалардың барлық акушерлік блоктарында жаңа туған нәрестелерге құрмет көрсетіледі. Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін әкімдік, Балалар қорының өкілдері, қоғам қайраткерлері құттықтайды.

Бұл күні қаланың барлық саябақтарында мерекелік кештер болады. «Жетісу» саябағында «Мен бақытты баламын» балалар шығармашылығы мен спорт фестивалі  өтеді. Бағдарламада спорттық ойындар, квестер және флешмобтар, қолданбалы өнер және сурет салу бойынша шеберлік сабақтары болады. Сонымен қатар, ертең балаларға балмұздақты тегін таратады.

Астаналық саябақта «Балалық шақ әлемі» атты іс-шара болады. 

Триатлон паркінде сағат 10:00-ден 11: 00-ге дейін батпырауық ұшырылады. «Балалық шақтың аспаны» іс-шарасына 250-ден астам бала қатысады деген болжам бар. Ал сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін мұнда «Балаларға базарлық!» аниматорлық кеші болады.

Президент саябағында сағат 10:00-ден 12: 00-ге дейін ойын-сауық бағдарламасында түрлі жарыстар ұйымдастырылады. «Жастар» саябағы қонақтарды таңертеңнен бастап «Алақай, балақай!» шарасына шақырады. Мұнда балаларға арналған интерактивті ойындар өтеді. «Көктал»саябағында Ашық есік күні, концерттік бағдарлама және ойын-сауық ойындары өтеді.

DEMALYS PROMENADE аллеясында күні бойы концерттер, көрмелер және спорт фестивалі өтеді.

Балалар мерекесіне орай Алматы ауданында онға жуық жаңа аула алаңдарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Паралимпиадалық жаттығу орталығында үстел теннисінен ашық турнир, каратэ-до және таэквондодан қалалық турнир өткізу жоспарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...