Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
30.3 C
Shymkent

Бидайдың қымбаттауына байланысты ұн бағасы да өсе ме? Министр жауап берді

Танымал

Ел аузында

Ауыл шаруашылығы министрі Ерлан Қарашөкеев ұн мен нан бағасының өсуіне ешқандай алғышарттары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр әлемде бидайдың қымбаттауы байқалғанын растады. Алайда Қазақстанда бидай қорын жасақтаған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бар деді. 

«Біз қазір арзандатылған астықты әлеуметтік нан үшін аймақтарға жіберуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нанның қымбаттауы үшін ешқандай алғышарттар жоқ, болмады және болмайды да», – деді Ербол Қарашөкеев. 

Ауыл шаруашылығы министрінің сөзінше, 15 маусымға дейін ұн мен бидайды елден шығару үшін квота бар. Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты, келесі астық түсіміне дейін қор жеткілікті. Ербол Қарашөкеев ұн тапшылығы елде болмайтынын атап өтті. 

Дүниежүзілік банк божамына сәйкес, биыл бидай бағасы 40%-ға дейін өсіп, тарихи рекордты жаңартуы мүмкін. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан ауыл шаруашылығы өнімдері кем дегенде 20%-ға қымбаттайды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...