Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17.5 C
Nur-Sultan
20.1 C
Almaty
21.8 C
Shymkent

Біз әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырамыз – Ресейдегі Қазақстан елшісі

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украина мен Ресейді әскери іс-қиымлды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көшербаев әскери жанжал салдарынан екі тараптан да адамдар мерт болғанын айтып өтті. Егер әрі қарай жалғасса, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы алып келетінін атап өтті. 

«Біздің мемлекет халықаралық мәлелелерді БҰҰ халықаралық құқықтары мен қағидалары негізінде бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Осы себепті біз келіссөздердің басталуы үшін жасалған кез келген қадамды қолдаймыз. Мемлекеттерді ерікті түрде әскери іс-қимылды тоқтатуға, ал әлемді және халықаралық ұйымдарды жағдайды дипломатиялық жолмен шешуде атсалысуға шақырамын», – деді елші.

Ермек Көшербаев жағдайды бейбіт келіссөз бағытына бұру үшін Қазақстанның көмек көрсетуге және қажет болса, келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін айтып өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...