Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Жамбыл облысының тұрғындарын жойқын жарылыс даусы шошытты

Танымал

Ел аузында

Өткен жылдың тамыз айында жарылыс болған Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағынан оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта жанданды, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, мамандар Қайнар ауылынан 12 шақырым жердегі елсіз таулы аймақта жарылыс жасап жатыр. Дүйсенбіден жұмаға дейін саперлар 720 минаны жояды. Жарылыс жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.РЕКЛАМА

Осыған дейін 500 келіге жуық оқ-дәрі жойылған. Жарылыс болатын жерді облыс әкімдігі берген. Мамандар апта сайын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жарылыстардан қорықпауға және түсіністікпен қарауға шақырады.

Жарылыс жұмыстары кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталады. 

Еске салайық, 2021 жыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің маңынан өрт шықты. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана»  жобасы жалғасуда

Алматы волонтерлері «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін Медеу мұз айдынына ерекше әрі қызықты...