Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
18.4 C
Almaty
22.8 C
Shymkent

Қазақстанның қазіргі парламенті таратылмайды – Әділет вице-министрі

Танымал

Ел аузында

Парламенттің жетінші шақырылымы таратылмайды. Қазіргі құрам 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін жұмыс істейді. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министр Конституцияға енгізілген түзетулерден кейін парламент палаталарын құру туралы нормалар 8-ші шақырылым депутаттарын сайлаудан бастап қолданылатынын айтты.

«Мысалы журналистер бізден Конституциялық реформалардан кейін 7-шақырылым таратыла ма деп сұрап жатыр. Қазір бізде 7-ші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір 7-шақырылымның таралуы бойынша мәселе қойылып отырған жоқ», – деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өтті. Қазақстандықтардың басым бөлігі түзетулерді қолдап дауыс берді.

Ата заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, сенаттағы президент квотасы 10 депутатқа дейін қысқарады. Мәжіліс пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайланады. Сондай-ақ депутатты кері қайтару жүйесі енгізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...