Ердоған президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған алдағы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Daily Sabah басылымы.

Ердоған «Халық альянсы» партиясының президенттігіне үміткер екенін растады.

«Халық альянсының президенттікке үміткері Режеп Тайып Ердоған», – деді ол Измирде биліктегі Әділет және даму партиясының (AKP) митингісінде.

Ол Түркиядағы келесі ұлттық сайлау 2023 жылдың маусымында өткізілетінін, бұл ерте сайлау туралы болжамдарға нүкте қоятынын айтты.

Оппозициялық партиялар әлі өз кандидаттарын ұсынбаған. Сонымен қатар, алты оппозициялық партияның блогы мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп отыр. Осыған байланысты Ердоған оппозиция лидері Кемал Килиждароглудан таңдау жасауға шақырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қоғамдық орын ластанған: Түркістан облысында 5 тонна қоқыс тастаған тұрғындар анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде...