Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Сыртқы істер министрі Назарбаевтың Мәскеуге не үшін барғанын білмейтін болып шықты

Танымал

Ел аузында

Білмеймін. Мен бұл жерде оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын.

Сыртқы істер министрлігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде не туралы сөйлескенін білмейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты.

Журналистер министрден Қазақстанның тұғыш президенті мен Ресей президенті не үшін кездескенін сұрады.

«Білмеймін. Мен бұл жерде оғаш ештеңе көріп тұрған жоқпын», – деп жауап берді министр.

СІМ Назарбаевтың Мәскеуге сапарын дайындаумен айналыспады. Журналистер бұл экс-президент Сыртқы істер министрлігіне оның сапары туралы ескертпегенін білдіре ме, жоқ па, соны түсіндірді. Журналистер министрге экс-президент сапары туралы министрлікке  ескертті ме деп сұрақ қойды.

«Менің ойымша, Сыртқы істер министрлігіне ескерту қажет емес. Бұл тұңғыш президенттің Іс басқармасы мен Ресей Президентінің Әкімшілігі арасында тікелей келісілген. (…) Ресей президентімен кездесуге тыйым салынбаған шығар. Оларды ежелден келе жатқан достық, жеке достық байланыстырады», – деп жауап берді Тілеуберді.

Айта кетейік, Елбасы сайтында кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізгені айтылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...