Қарағанды облысында белгісіз аурудан мал қырылып қалды

Танымал

Ел аузында

Елді мекенге кіре берісте дезинфекциялық бекет орнатылған. Ауру белгілері 3 маусымда пайда болды, содан кейін ауылдық округте жануарларды тексеруге кіріскен.

«Барлығы 260 бас мал ауру жұқтырды, 82-сі қырылды. Оның ішінде 9 сиыр, 11 құнажын, 62 бас екі-үш айлық бұзау болды. Қырылған мал өртелді. Жою жұмыстары мемлекеттік органдардың және аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен жүргізілді. Ақшоқы кіреберісіне Комаров дезинфекциялық қондырғысы бар бекет орнатылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.

Ветеринарлар ауру малға симптоматикалық ем жүргізіп жатыр және оның етін немесе сүтін қолдануға кеңес бермейді. Елді мекенде 2569 ІҚМ бар. Дәл диагноз қою үшін сынамалар ветеринариялық зертханаға жіберілді.

«Бүгінгі таңда жүзге жуық ауру жұқтырған малды емдеп шықтық. Ауылдық округте ІҚМ иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өлген мал басы үшін ақшалай өтемақы мәселесі қарастырылуы мүмкін», – деп толықтырды әкімдік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың ең серпінді кезеңін бастан кешірді. 2018-2025 жылдар аралығында мемлекет басшыларының...