Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Прокуратура: Қазақстан темір жолы өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланып келген

Танымал

Ел аузында

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ-ның үстем жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдауға төлем коэффициентін 30% төмендететін арнайы тарифтік шарттарды қолданады. Тарифтерді қолданудың негізділігін зерттеу ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін төмендеу коэффициенті осы сәттен бастап қолданылғанын көрсетті. Ал басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында көлік тасымалының кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген», – деді прокуратура.

Көлік прокуратурасы жағдайдың теңсіздігі нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар артықшылыққа ие болғанын айтты.

Прокуратураның наразылығымен аталған заңсыздықтар жойылып, транзиттік жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...