«Ыдыс жуып, әйеліме көмектесе бастадым»: Нұртас Адамбай исламды қабылдағаннан кейін қалай өзгергенін айтты

Танымал

Ел аузында

Құранда айтылады: ер адам әйелін қорғауы, қамқор болуы, киіндіріп, тамақтандыруы, оған жылы сөздер айтуға міндетті. Бұл Алланың бұйрығы, сенің қалауың емес, міндет.

«Исламға келіп, үй шаруасымен айналыса бастадым». Актер, кинопродюсер Нұртас Адамбай намазға жығылып, дінді тереңірек зерттей келе түбегейлі өзгергенін айтады. Зиянды әдеттерден арылғаны бір бөлек, Адамбай исламның арқасында әйелімен қайта табысып, оған деген көзқарасын, қарым-қатынасын өзгерткен. Оған Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өмірі үлгі болғанын айтады. 

Дінге келмей тұрғанда Нұртас әйелімен жиі керісіп, тіпті екіге кету туралы шешім қабылдағанын айтады. Сөзінше, отбасылық өмірде жұбайы екеуі бір-бірін түсінбей, ортақ балаларына жазылмас жара салған. 

«Үлкендер өз менінің кесірінен қарым-қатынасын анықтағысы келіп, баласын ұмытып кетеді. Сол кезде оларға жарақат салатынын түсінбейді. Өйткені балаға сол кезде әлем күйрегендей көрінеді. Ол сөзсіз жақсы көретін екі адам, екеуінің арасынан мынау жақынырақ деп таңдай алмайтын екі адам ұрысып жатқанда, баланың ішінде сұмдық нәрсе болады. Мен де әйеліммен ұрысып, өзімді ұстай алмаған кезде балама сол сұмдықты жасап бердім. 

Одан кейін өзіңді кінәлайсың. Иә, олай істеуге болмайтынын түсіндім. Жұбайыммен жараспадық. Мен барлық проблемалардың түп-тамырын жұбайымнан көрдім. Оның мінезі, тәрбиесі дұрыс емес деп ойладым. Өзімнен ештеңе көрмедім. Өзім үшін ең керемет адам болдым. Ең үлкен қателігім де сол еді. Исламда өзгеден емес, өзіңнен кемшілік ізде, дейді», – деп ағынан жарылды Нұртас.

Актер бұл олқылықтың орнын дінге келгеннен кейін толтырған. Ол бөлек тұрған сәтінде жұбайының қадірін түсініп, кейін онымен қайта табысқан. Ал бүгінде оған деген көзқарасы түбегейлі өзгерген. Бұған дейін «мен еркекпін» деп кеудесін керген Адамбай енді үй шаруасына да атсалысатын болған. 

«Құранда айтылады: ер адам әйелін қорғауы, қамқор болуы, киіндіріп, тамақтандыруы, оған жылы сөздер айтуға міндетті. Бұл Алланың бұйрығы, сенің қалауың емес, міндет. Күйеуісің бе, онда әйеліңнің әдемі екенін айтатын бірінші адамсың. Сен айтпасаң, ол сырттан айтатын адам іздейді. Өйткені бұл сенің міндетің. Мен осы нәрселерді ойлана бастап, Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың өмірін оқи бастадым. Ол бізге үлгі ретінде берілген. 

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) барлық мұсылмандардың билеушісі болса да, үйде ыдыс жуып, киімін тазалағанын білгенде, «бұл менің жұмысым емес деп ойлайтындай мен кіммін?» деп ойладым. Үйде ыдыс жуа бастадым. Әйеліме көмектесейін деп айтатын болып, көз алдымда ғажайып бола бастағанын көрдім. Оның ризашылығын сезіндім. Әңгіме кімнің ыдыс жуғанында емес, сенімен бірге тұратын адамның бәрі ортақ екенін түсінгені. Ер адамның «сыпыру, шаң сору, қоқыс төгу әйелдің ісі» деп ойлауы ақымақтық, қажет емес ой. Осы нәрселерді шын қалауыммен істей бастаған кезде… Жұбайым онсыз да ерте тұрып таңғы ас дайындайды, біресе ананы, біресе мынаны істейді. Ал оған дейін екеуміз бөлек тұрған кезде Алла Тағала маған көрсетті. Бір үй қызметшісі істей алмай, екінші үй қызметшісінің қолынан келмеді. 

Шелекті алып, еденді жуа бастадым. Бір кезде басым айналып, отыра кеттім. Мұның қаншалықты қиын іс екенін түсіндім. Бұрын әйеліме айтқан сөздерімді еске алдым. Одан бөлек, бала бар, оның киімі, тамағы, шаруасы бастан асады деп ойладым», – дейді Адамбай.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қайрат Закирьянов: «Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.