Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«20 жыл бойы қыр соңынан қалмадым»: Қонаевтың жеке дәрігері мемлекет қайраткері жайлы естелігімен бөлісті

Танымал

Ел аузында

Оны қызметтен алып тастап, тиісті көмекті бермесе де, оған кеңес беріп, үйінде тегін ем-дом жасадым. Тіркелген емханаға бармады.

Кезінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болған танымал доктор Ахат Мүліков 83 жасқа аяқ басса да, жас буын әріптестерінің қатарынан қалмай, анестезиология-реаниматология саласында еңбек етіп келеді. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында кәсіби маман Қонаевтың жеке дәрігері ретінде 20 жыл бойы қалай жұмыс істегенін еске алды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ахат Әминұлы еңбек жолын Сызғанов басқарған Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігіне қарасты клиникалық және эксперименттік хирургия институтының анестезиология-реаниматология бөлімінде бастаған. 1974 жылы тамыз айында Ахат Мүліков Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың жеке дәрігері болып бекітілген. Дәрігер сол кезде өзіне аса үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтады.

«Шынымды айтсам, қатты қобалжыдым. Бірақ өзіме және жұмысыма сенімді болдым. Сол кезде КСРО 4-ші бас басқармасының бастығы Евгений Чазовтың «Сен бұл жерде біреудің қол астында жүретін доктор ретінде емес, дәрігер ретінде келіп отырсың. Егер оңалту сәтті өтсе, бірінші басшы ары қарай жұмысын істей береді, болмаса, зейнетке кетеді!» деп айтқаны бар. Институт директоры Александр Сызғанов та өз тілегін айтқан. «Бұл кісіні бәрі сыйлайды, жақсы көреді, институтымызды жерге қаратпа!», – деді ол. Сөйтіп, ол кісі 82 жасқа дейін өмір сүрді.

Мен 20 жыл бойы оның қыр соңынан қалмай жүрдім. Оны қызметтен алып тастап, тиісті көмекті бермесе де, оған кеңес беріп, үйінде тегін ем-дом жасадым. Тіркелген емханаға бармады. Әлі есімде, стоматологиялық креслоны да әкеліп жүрдік. Дінмұхамед Ахметұлы қайтыс болған күні де жанында болдым. Бірақ құтқара алмадым. Жүрегі әбден шаршады. Алдында Мұхамеджан Тынышпаевтың мерейтойына барды. Бармай-ақ қойыңыз десем де, болмады. «Мен бармасам, қазақ батырын кім еске алады» дейтін. Осындай адам болды. Ешкімді ұмытпады, бәріне алаңдап жүрді», – деп еске алады Ахат Мүліков.

Дәрігердің сөзінше, Қонаев Горбачевтың тұсында қатты уайымға салынған. «КСРО басшысы қызметінен кеткен Қонаевты сынай бастады, «кунаевщина» кезінде тоқырау болды» деп шықты. Алайда Қазақстан барлық көрсеткіш бойынша үшінші орында тұрған. Соған қарамастан, жергілікті адамдар оны қолдамады, Горбачевтің айтқанын іліп әкетті. Сол үшін қатты уайымдады», – дейді ол. Қонаев қызметінен кеткеннен кейін Ахат Мүліков қайтадан өзі істеген клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жұмысқа келген. Содан бері аттан түспеген. «70 жасымда зейнетке жібергісі келді. Барлық жетістігімді есептесек, 28 мың теңге шығып тұр екен. Содан қызметімді жалғастырдым. Жұмысыңды жақсы көрсең және біліп тұрсаң, жақсы ғой, рақаттанып істейсің», – дейді дәрігер.#Дінмұхамед Қонаев#дәрігер#Қонаев

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...