Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

«Өзімді жоғалтып алдым»: Рано Омарова ажырасудан кейінгі жағдайы жайлы айтты

Танымал

Ел аузында

Актриса Рано Омарова ажырасудан кейін қандай күйде болғанын айтты. Ол әрі қарай не істеу керектігін білмегенін жеткізді. Рано өзі сияқты күйге түскен келіншектерге кеңесін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ол тақырыпқа ұзақ уақыт бойы тоқтап, өзіңізді аяп, кінәлі адамды іздеп, көп уақыт жоғалтуға болады. Қазір уақыт тез өтеді. Бір күн үш күнге татиды. 

Сондықтан ол уақытты өзіңізге арнағаныңыз дұрыс. Мен сізді жақсы түсінемін. Мені бұрыннан оқитын болсаңыз, менің де ажырасқанымды білесіз. Мен де өзімді жоғалтып алдым. 

Әрі қарай қалай қарай бағыт алатынымды, жалпы не істерімді білмедім. Жалғыз қалғандай, алдымда бірнеше жол тұр, бірақ оның қайсысына барғаным дұрыс екені белгісіз.

Барлығымыз кереметпіз. Бізде жасырын таланттар көп, тек өзіңе уақыт пен көңіл бөлу керек. Сонда сізге не керек, нені қалайсыз, соны түсіне аласыз. Бірақ қайғыру керек болса, өзіңізге «дедлайн» белгілеңіз. Мысалы, «мен бір ай жылап, қайғырамын» деңіз. Осы уақыт ішінде барлық көз жасыңызды шығарып, кейін алға қарай жылжу қажет», – дейді Рано Омарова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Fix Price Қазақстандағы ең қарқынды дамып жатқан non-food ритейлерлердің бірі атанды

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Fix Price дүкендер саны 349-ға жетіп, бір жыл ішінде 62 сауда нүктесіне көбейді. INFOLine аналитикалық агенттігінің...