Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

«Біз қаласақ та, қаламасақ та қымбаттайды»: Сауда министрі қанттың не себепті қымбаттағанын түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қанттың қымбаттауына тосқауыл жоқ екенін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген министр Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар екенін еске салды.

Оның сөзіне қарағанда, қант сияқты әлеуемттік маңызы бар тауарлардың бағасын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тұрақтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал кейбір тауарлардың бағасы «Қаржы айналымы» тетігі арқылы тұрақтандырылған.

«Дегенмен азық-түліктің кей түрі, мысалы, қант бойынша айтсақ, біз қаласақ та, қаламасақ та баға өседі. Өйткені бүкіл әлем бойынша биржадағы баға көтеріліп барады. Бізге негізгі қант жеткізуші Ресейдің өзі тасымалды тоқтатқандықтан, бұл ахуал бізге әсер етуде. Логистика шығындары бүкіл әлемде өсті», – деді Бақыт Сұлтанов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...