Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Әділетсіздік жайлаған қоғам құрдымға кетеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында полицияның сервистік моделін қалыптастыруда халықпен тығыз жұмыс істейтін салаларға басымды беруілуі керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Ел ішіне ірткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек», – деді Президент. 

Ол үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал екені де айтылды. 

«Бүкіл құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – заңнаманың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Сол мақсатпен былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ, заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ жаңа, әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...