Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет жарияланды

Танымал

Ел аузында

Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы туралы деректер жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер көрсетілген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адам болған, оның ішінде ең көп пайызы:

  • қазақтар – 69,03 пайыз;
  • орыстар – 18,47 пайыз;
  • өзбектер – 3,29 пайыз;
  • ұйғырлар, 1,5 пайыз;
  • украиндар – 1,3 пайыз;
  • татарлар – 1,06 пайыз;
  • немістер – 0,92 пайыз;
  • түріктер – 0,61 пайыз;
  • корейлер – 0,57 пайыз;
  • әзербайжандар – 0,61 пайыз;
  • дүнгендер – 0,40 пайыз;
  • белорустар – 0,26 пайыз;
  • тәжіктер – 0,27 пайыз;
  • күрдтер – 0,25 пайыз;
  • шешендер – 0,18 пайыз;
  • поляктар – 0,15 пайыз;
  • башқұрттар – 0,09 пайыз;
  • басқа этнос өкілдері – 1,04 пайыз.

Жалпы, 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы ел тұрғындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсететіні айтылған. Соңғы үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өсті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция...