Әйтенов қаңтар оқиғасы туралы: Шымкентте ешкім оқ атуға тапсырма берген жоқ

Танымал

Ел аузында

Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте ешкім оқ атуға тапсырма берген жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Журналистер әкімге «Қаңтар оқиғасы кезінде штаб оқ атуға бұйрық берді. Штабты әкім басқарған. Оқ атуға рұқсат қандай жағдайда берілді, сізді не мәжбүрледі?» деген сұрақ қойды. 

«Оқ атуға ешкім тапсырма берген жоқ. Заңға сәйкес, бүгінгі күннің өзінде құқық қорғау қызметкерлерінің өміріне қауіп төніп тұрса, өз қаруын қолдануға рұқсаты бар. Барлығын ату деген тапсырма болмаған да, болмайды да», – деп жауап берді Мұрат Әйтенов.

Сондай-ақ қала әкімі қаңтар оқиғасында видеоның ашық түрде БАҚ арқылы көрсетілгендігін жеткізді.

«Қолына темір-терсек ұстаған азаматтар полицияны ұрып жатқан видео да бар. Біз оны ашық түрде жергілікті БАҚ-та көрсеттік. Шымкент қаласында ұсталған тәртіп бұзушылылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кінәсі дәлелденгендерге сот шешім шығарды», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...