Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы қызметінен кетті

Танымал

Ел аузында

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Мәжит Шәріповтің компанияның басқарма төрағасы – директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлады. 

«Компанияның директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов Басқарма төрағасының міндетін атқаратын болады», – делінген хабарламада.

«Компаниядағы жеті жылдық жұмыс кезеңінде атом саласында мол кәсіби тәжірибесі бар Шәріпов мырза мықты көшбасшылық қасиеттерін және ұзақ мерзімді құндылықты құруға бағытталған компания стратегиясына бұлжымас адалдығын көрсетті. 

Компанияның Басқарма төрағасы ретінде өткен жылы Шәріпов мырзаның ядролық-отын цикліндегі тәжірибесі «Үлбі-ЖБҚ» өнеркәсіптік өндірісін, Қытайға жылу бөлетін құрамаларды жеткізетін Қазатомөнеркәсіптің жаңа зауытын пайдалануға сәтті енгізуде және іске қосуда негізгі рөл атқарды, оның басшылығымен АХҚО халықаралық алаңында өңірдегі алғашқы уран қоры іске қосылды», – деді Қазатомөнеркәсіптің директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфеллоу.

«Стратегиялық маңызды атом саласында Компанияны басқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен атом саласының болашағы зор екеніне және Компания еліміздің және барлық стейкхолдерлердің мүддесі үшін одан әрі дами беретініне сенімдімін. Қазатомөнеркәсіптің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Компанияның мыңдаған ұжымының әрбір қызметкеріне олардың қажырлы еңбегі мен өз ісіне шын берілгендігі үшін зор алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, бірге қызмет істеген Компанияның Басқарма құрамына және үнемі қолдау көрсеткені үшін Директорлар кеңесіне де алғысымды білдіремін», – деді Шәріпов.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Лекарства на сумму 507 млн ​​тенге выдали пациентам бесплатно

С начала года в городской многопрофильной больнице города Конаев пациентам выдали медикаменты на сумму 507 миллионов тенге. Это форма бесплатной...