Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

«Көзімнен жас шықты»: Жанель Мақажан күйеуінен мәһрге ерекше сый сұраған

Танымал

Ел аузында

Актер Абай Асылхан мен актриса Жанель Мақажанның отау құрғанына бір жыл толды. Айтулы күнге орай Абай жұбайына уәде еткен мәһр сыйын жасады. Белгілі болғандай, Жанель Мақажан жұбайынан материалдық емес, рухани дүние сұраған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Десе де, Абай үйленген кезде жұбайының сұрауын алып беруге мүмкіндігі болмағанын, реті енді келгенін атап өтті.

«Аманатым екеуміздің некелескенімізге бір жыл толды. Бір жыл көзді ашып-жұмғанша зымырап өтті. Неке қиған кезде мәһрді орындаудың реті келмей жүрген еді, бір жылдыққа бұйырыпты!

Шынымды айтайын, неке қиғанда аздап уайымдағаным бар, болашақ жарым мәһрге не сұрайды екен деп. Сөйтіп имам не сұрайсыз деген сұрақ қойғанда, Аманатым кідірместен: «Иманымды күшейтетін кітаптар сұраймын, мен үшін ең қымбат сый сол!»  – деген кезде, көзімнен жас шықты. Менің болашақ жарыма қу дүниеге деген қызығушылық емес, одан да биік, қымбат құндылық барына қатты риза болдым!
Енді бір жылдығымызды атап, демалыста жүрміз. Аманатым, мен сізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін! Мен сізбен бақыттымын!» – деді ол. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...