Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Мөлдір Әуелбекова: Тағы ғашық болуым мүмкін

Танымал

Ел аузында

Екі некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова тағы ғашық болуы мүмкін екенін жасырмай айтты. Ол бұрынғы күйеулеріне реніші жоқ екенін жәгн балаларының әкелерімен араласуына қарсы еместігін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ұлым, қызым үшеуміз өте бақытты отбасымыз. Тағы ғашық болуым мүмкін. Бәрі мүмкін. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Оны мен жорамалдап «жоқ» немесе «иә» деп айта алмаймын. Бұйырғанын көреміз. Әркімнің өзінің о бастан жазылған тағдыры бар», – деді Әуелбекова.

Ал балаларыңыз әкелерімен араласа ма деген сауалға әнші жауап бермеді. Мұның «ұзақ тақырып» екенін атап өтті. Алайда бастысы, өзі тыйым салмайтынын ескертті. 

«Әкелерімен араласуына тыйым салмаймын. Мен өмірімде болып жатқан жалпы жағдайларды қабылдап үйрендім. Ол проблемаға айналмас үшін оны қабылдайсың, өкпе-ренішті қалдырасың. Қасымда ұлым, қызым бар. Негативті, өкпе-ренішті, ашу-ызаны арқама жүк қылып сүйреп жүргім келмейді. Ешкімге ренішім жоқ. Бұйырғанын көрдім», – дейді Әуелбекова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...