Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Бұдан былай табиғат аясында от жаққандар жазаланады

Танымал

Ел аузында

Арнайы жабдықталмаған орындарда от жаққан демалушыларға қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қасыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіруге арналған арнайы жабдықталған 14 орын, Алмаарасан шатқалының аумағында 12 орын және Бутаковка 2 орын белгіленген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Руслан Қасыбаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қалада өрттің қауіпті кезеңі сақталып отырғанын еске салды.

«Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және белгіленбеген жерлерде от жаққаны үшін Орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 367-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салуға уәкілетті екенін атап өткім келеді, Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал бұл 30 630 теңгеден 306 300 теңгеге дейін», – деді Руслан Қасымбаев.

Қазіргі уақытта ТЖД, ІІБ және Іле-Алатау МҰТП мен патруль қызметкерлерімен 95-тен астам рейд жүргізіліп, 45 өрттің алдын алды. 45 тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қала тұрғындары мен қонақтарына таулы орман алқабындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды. 

Руслан Қасыбаевтың айтуынша, қатаң белгіленген орындардан тыс жерде сіріңке, темекі қалдығын лақтыруға, құрғақ шөптерді жағуға, от жағуға және барбекю құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Департамент бастығы Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіруге арналған арнайы жабдықталған 14 орын (орындық, үстел, от жағуға арналған бетондалған алаң, барбекю), Алмаарасан шатқалының аумағында 12 орын және Бутаковка 2 орын белгіленгенін еске салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...