Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5.2 C
Nur-Sultan
15.7 C
Almaty
19.8 C
Shymkent

Алматы тұрғындарына қоғамдық көлікте және ғимараттарда маска тағу ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;
  • вакциналауға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию;
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.

Әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана, яғни қала тұрғындарына міндеттелген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймаққа өткенін хабарлаған едік. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай университетінде ашық есік күні өтті

2025 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде биылғы мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында Ашық есік...