Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Премьер-министр КТК жағдайына қатысты түсініктеме берді

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан мұнайын Каспий құбыр консорциумы (КТК) арқылы жөнелту жұмыстарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

«5 шілдеде Новороссийск аудандық соты КҚК-нің жұмысын бір айға шектеді. 6 шілдеде ресейлік әріптесіміз премьер-министрге хабарласып, сол күні бұл мәселені шештік. КҚК құбыры қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ», – деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, бұған дейін Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов консорциум қызметін тоқтата тұруға байланысты жағдай бойынша жедел кеңес өткізді.

Артынша Ресей соты КҚК қызметін тоқтату туралы шешімді 200 мың рубль айыппұлмен алмастырды.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталының қатысуымен жүзеге асырылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырым; Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы осы бағыт бойынша тасымалданады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...