Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қазақстанда жаңартылған Watch GT 3 Pro сағатының сатылымы басталды

Танымал

Ел аузында

14 шілде, 2022 жыл, Алматы, Қазақстан — Huawei Consumer Business Group (BG) 2020 жылы шығарылған және үлкен жетістікке жеткен Watch GT 2 Pro-ның ізін басқан Huawei Watch GT 3 Pro смарт сағаттарының сатылымының басталғанын хабарлайды.

Жаңа смарт сағаттар 15 шілдеден бастап барлық серіктес дүкендерде ұсынылатын 154 990 теңге бағамен сатылатын болады.

Диаметрі 43 мм болатын Huawei Watch GT 3 Pro моделінің экраны 1,32 дюйм, ал 46 мм нұсқасының экрнаы 1,43 дюйм. Сапфир кристалы бар AMOLED экраны стильді титан немесе керамикалық корпусқа салынған. Сағат сезімтал сенсорлық экранмен, физикалық түймемен және экранда шарлау және дыбыс деңгейін реттеу үшін пайдаланылуы мүмкін айналмалы түйме арқылы басқарылады.

Huawei Watch GT 3 Pro жүрек соғу жиілігінің мониторымен, тері температурасының сенсорымен, ұйқы трекерімен, стресс мониторымен және т.б. жабдықталған. HUAWEI TruSeen™ 5.0+ инновациялық технологиясы жүрек соғу жиілігін 6-да 1 жарықдиодты сенсор және 4 фотодиод арқылы өлшейді. Сапфир кристалы жарық түсіреді, батареяның қызмет ету мерзімін үнемдейді және киюге ыңғайлы. Инновациялық алгоритмдер жүрек соғу жиілігін дәлірек бақылауды қамтамасыз етеді.

Сағат қандағы оттегі деңгейін (SpO2) жарықтың толқын ұзындығын өлшейтін және қоршаған ортаның төмен температураларында және биік биіктікте де қаныңыздағы оттегі молекулаларын танитын TruSeen 5.0+ технологиясы арқылы өлшей алады. TruSeen 5.0+ технологиясының аз қуат тұтынуымен қандағы оттегі деңгейін тәулік бойы бақылай аласыз.

Қолға тағылатын құрылғы 19 кәсіби жаттығу, арнайы залда және ашық алаңдағы жаттығуларға арналған 85 тәртібінен құралған бас аяғы 100 спорт тәртібін ұсынады. Оның ішінде ақылды сағат ең танымал жаттығулардың 6 түрін автоматты түрде таниды. Денсаулық туралы деректер смартфондағы HUAWEI Health қолданбасында көрсетіледі. Сондай-ақ сағат GNSS геолокация сенсорымен жабдықталған, ол ашық ауада жаттығу бағыттарын қадағалауға мүмкіндік береді.

Huawei Watch GT 3 Pro-мен бірге жаңа Huawei Band 7 фитнес білезіктерінің сатылымы басталады. Graphite Black, Wilderness Green, Nebula Pink, Flame Red түстерінде ұсынылады, ұсынылатын бағасы 29 990 теңге.

Құрылғы диагоналы 1,47 дюйм және рұқсаты 368 x 194 пиксель, корпус қалыңдығы 9,99 мм және салмағы 16 грамм болатын жеткілікті үлкен AMOLED экранын пайдаланады. Huawei Band 7 жүзу, жүру, жүгіру және т.б. жалпы 96 жаттығу тәртібі ұсынылады. Жүрек соғу жиілігі мен қандағы оттегі сенсорларының арқасында ол ұйқы (TruSleep 2.0 технологиясы) және етеккір циклін бақылайды, судан қорғайды (5ATM). Максималды қуат сақтау мерзімі 14 күн. Магниттік қуаттау арқылы бес минуттық қосылу білезіктің екі күн жұмыс істеуіне жеткілікті энергияны сақтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Huawei Consumer Business Group (BG) технологиялық эстетика мен смарт фотографияның тамаша үйлесімі бар соңғы флагмандық HUAWEI P50 Pocket жиналмалы смартфонының жақын арада сатылымға шығатыны туралы хабарлайды.

HUAWEI P50 Pocket смартфонға тегіс жиналу мен жұқа пішін факторын біріктіруге мүмкіндік береді. Көп өлшемді көтеру құрылғысының жаңа буынымен жабдықталған. Жаңа дизайндағы смартфонды жұқа және ықшам пішінге оңай бүктеуге болады, жалпы пайдаланушы тәжірибесін айтарлықтай жақсартады және HUAWEI XD Fusion Pro жақсартылған кескін өңдеу қозғалтқышымен смартфон фотосуретті мүлдем жаңа деңгейге шығарады.

HUAWEI P50 Pocket оңай бүктеледі, ультра жұқа және жеңіл салмақты бөлікке айналады, оны ұстауға ыңғайлы. Ашылған кезде ол ерекше бейне немесе фильм тәжірибесін беретін жоғары егжей-тегжейлі, тегіс кескіндер мен 21:9 арақатынасы бар үлкен 6,9 дюймдік дисплейді ұсынады. Ол сондай-ақ 442ppi пиксель тығыздығына ие және керемет түс дәлдігі мен мінсіз кескін сапасы үшін 1,07 миллиард түсті және P3 кең түс гаммасын қолдайды.

Смарт қорғау құралы экрандағы хабарландыруларды көрсетеді және пайдаланушыларға құрылғыны айналдырмай-ақ қажетті ақпаратты тез және оңай алуға мүмкіндік береді. Смартфонның жүйесі цирконий негізіндегі сұйық метал және өте берік болат сияқты инновациялық материалдарды пайдаланады, бұл бүктеу механизмінің сенімділігін одан әрі арттырады. Жаңа өнім 22 шілдеден бастап сатылымға шығады.

HUAWEI Consumer Business Group туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.

Гания Аркенова
Қазақстандағы HUAWEI Consumer Business Group PR менеджері
(E) ganiya.arkenova@huawei.com

Газиза Узак
«SPN Communications» PR-агенттігі
(E) g.uzak@spncomms.com

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...