Техникалық тауар сататын дүкенге ұрлыққа түскен үш азамат ұсталды

Танымал

Ел аузында

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 6 дана ұялы телефон, 3 дана ноутбук пен оның 2 дана дискісін жымқырғандарын анықтады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.

Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде 3 ер азамат анықталды. Яғни күдікті 3-еу қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған барлық техникалық заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда аталған ұсталғандар қамауға алынып, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болып сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылық пен жауапкершілікпен қарағанда ғана, мұндай жағдайларды азайтуға болатынын ұмытпаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...