Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алматы әуежайында төбелес болды: полицей әуеге оқ атты

Танымал

Ел аузында

Алматы әуежайында төбелес шығып, соңында полиция қызметкерлері ескерту оғын атты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында үш ер адам ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол жерде оқ атылғаны туралы да айтылған.

Алматы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы туристік полицияға көлік тұрағында төбелес шыққаны туралы хабар түскен. Онда үш мас ер адам төбелесіп жатқаны белгілі болған.

«Олар полиция қызметкерлерінің талабына бағынбаған. Төбелеске қатысқандардың бірі – бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді ер адам шыны сыра бөтелкесін сындырып, полиция қызметкеріне қарай жүгірген. Қылмыстың жолын кесу үшін тәртіп сақшысы табельдік қаруынан әуеге оқ атып, ескерту жасады. Нәтижесінде төбелескендер ұсталды. Олар Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі бұрын тонау және біреудің мүлкін ұрлау бойынша сотталған. Айыпталушылардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сараланған. Олар УҰИ-ға қамалды», – деді полиция өкілдері.

Осы факт бойынша соталды тергеу басталды. Сондай-ақ, қызметтік қаруды қолдану бойынша тексеру жүргізіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...