Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-9.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Қазақстанда «қызыл» аймаққа қандай шектеулер енгізілуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Кәсіпкерлер мен Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл» аймақтағы өңірлерге жоспарланған шектеулерді талқылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқылауға 150-ден аса бизнес-қауымдастық өкілдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық палата өкілдері қатысқан.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шаралардың ішінде Ashyq бағдарламасын пайдалану, бұқаралық іс-шараларды 50 пайызға дейін шектеу, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік қашықтық, маска режимі және жедел тестілеуді қолдану бар.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілі қазіргі кезде ұсынылған шаралар Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені ескере отырып, жаңа матрицаға негізделгенін түсіндірді. «Сары» аймақта шаралар ұсынымдық сипатта болады. Ал «қызыл» аймақ кезінде былтырғымен салыстырғанда жеңіл нұсқа ұсынылады.

«Ashyq платформасы аруханалардағы төсек-орын қорының 50 айыздан астамы толған кезде қолданылады. Егер денсаулық сақтау жүйесі үлгермей қалса, онда 2020 жылдағы жағдай қайталанады, сонда Ashyq енгізіледі. Қазіргі кезде Ashyq ақпараттық қауіпсіздікке сынақтан өтіп жатыр. Бағдарлама жақын арада өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Жыл бойы ол тәжірибелік пайдаланудан өтті. Яғни, тәжірибелік пайдаланудан кейін ол өнеркәсіпке енгізіледі», – деп түсіндірді ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сәуле Ахметова.

Кәсіпкерлер карантин шаралары немесе локдаун болса, мемлекеттен қандай қаржылай көмек болатынын білгісі келеді.

«Егер шектеу енгізілетін болса, салық төлеу жағын шешу керек.  Өйткені шектеу басталысымен бизнестің шығыны еселене түседі. Тіпті маскалардың өзі үлкен шығын. Онда салық төлеу мен тексеруге мораторий енгізуді қарастыру керек. Осы панедмия болған үш жылда бизнесті әуре-сарсаңға түсіргені ешкімге жасырын емес», – деді Марина Бошель.

Кәсіпкерлер кәсіпкер мен жеке тұлға арасындағы жауапкершілікті нақты ажыратуды сұрады.

«Иә, коронавирус қауіпті. Бірақ бұл жайт санитар дәрігерлер ел экономикасын басқаруы керек дегенді білдірмейді. Күніне 500-ден 700 мың теңгеге дейін кез-келген қоғамдық тамақтану кәсіпорны жұмыс істейді. Егер бұл екі күн немесе одан көп болса, онда сома жоғары болады. Егер қазір мемлекет локдаунға жабылса немесе бизнес бойынша қандай да бір шектеулер болса, қоғамдық тамақтанудан 60 мың нысанның жартысы қалады, яғни бүкіл ел бойынша 30 мың қоғамдық тамақтану объектілері жабылады», – деді қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.

«Қазақстанның Мединдустриясы» отандық медициналық бұйымдарды, медициналық өнімдерді өндірушілер одағының басқарма төрағасы Серікбол Мұсинов бөлінген қаражат, вакцинация, барлық алдын алу шараларының қаншалықты тиімді болғанын, ПТР-тестілеу, маска режимінің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдаланудың тиімділігін талдауды халық көруі үшін бағалау мен талдауды жүргізу және осы ақпаратты ашық жариялау керек екенін айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Аманат» әуе дуэті IV Халықаралық балалар мен жастар цирк фестивалінде Алтын жүлдеге ие болды

Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері, Дәулет Досбатыровтың жетекшілігіндегі «Аманат» әуе дуэті Данат пен Данали Досбатыровтар 6-8 желтоқсанда Тула мемлекеттік циркінде...