Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы кезінде патрульдік полицейлермен 1600-ға жуық құқық бұзушылық анықталды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасы өтуде.

Патрульдік полицейлер мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударды. Тәртіп сақшылары шара басталған 5 тәулік ішінде 1568 әкімшілік хаттама түзді. Оның ішінде мас халде автокөлік басқарғаны үшін – 4, жалған мемлекеттік нөмір таққан – 2, қарсы бағытқа шыққаны үшін – 4 хаттама толтырды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық автокөліктерге тексеру жұмыстарын жүргізіп, 69 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтар болсақ, 4 автобус заңсыз жатын салонымен жабдықталғаны анықталып, мемлекеттік белгісі алынды. Жалпы айыптұраққа 39 автокөлік қойылды. Тәртіп сақшылары бұл бағыттағы шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіп, жүргізушілерге жол қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жасайды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...