Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделі аясындағы жұмыстар қарқынды іске асырылуда

Танымал

Ел аузында

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды, қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделіне көшуі, жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі бойынша ауқымды істер атқарылуда.

Осыған орай Ұлы Дала музейінің конференция залында пилоттық режимге енгізілген Түркістан қаласында қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделінің енуіне арналған жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы Қоғамдық кеңестің мүшесі Зуппархан Чалданов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Шалбай Мақсұтұлы, қалалық прокуратураның бөлім басшысы Мақсат Кенжеханұлы қатысты.
Кездесудің күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралып, баяндамалар жасалды. Біріншіден, Түркістан қаласы әкімдігінің қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделін енгізу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы мәселе қаралды. Екіншіден, Түркістан ҚПБ-ның осы жаңа бағдарлама бойынша алдағы уақытта атқарылатын  жұмыстар талқыланды. Үшіншіден, Түркістан қаласы бойынша 2019, 2020, 2021 жылдарда орын алған қылмыстарды саралау бойынша құрылған ведомствоаралық топ мүшелерінің  қорытындысы тыңдалды.

Жиналғандар Түркістан өңірінде қоғамдық қауіпсіздіктің сервистік моделіне көшу жұмыстарын сапалы іске асыруды саралады. Ал мұндай жұмыстар өз кезегінде Түркістан облысын қауіпсіз әрі қылмысы аз облыс қатарынан көрініп, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, қауіпсіз аймаққа айналдыруға үлкен үлесін қосады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...