Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызметі қымбаттады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызмет көрсету құны жылдық динамикада 6,2 пайызға өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша балалар орталықтарының қызмет көресту құны былтырғы маусыммен салыстырғанда 6,2 пайызға өсті. Бәрінен бұрын Шығыс Қазақстан облысында баға бір жылда 20,8 пайызға өскен. Антилидер үштікке Атырау (плюс 14,6 пайыз) және Қызылорда (плюс 14 пайыз) облыстары да кірген.РЕКЛАМА

Ең аз өсім Павлодар облысында – 0,7 пайыз. Алматы мен Жамбыл облысында бұл қызметтердің бағасы өзгерген жоқ.

Қазақстанда бірінші тоқсанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің жалпы көлемі 150,7 миллиард теңге болған – плюс 31,5 пайыз.

Қызмет көрсету көлемінің басым бөлігі мемлекеттік кәсіпорындарға – 87,9 миллиард теңге, жеке компанияларға – 62,4 миллиард теңге тиесілі.

Былтырғы осы кезеңде сала бойынша қызмет көрсету көлемі 114,6 миллирад. Өңірлік тұрғыда ең көп қызмет Түркістан облысында көрсетілді: 21,6 миллирад теңге – бір жыл бұрынғыдан бірден 51,6 пайызға артық.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...