Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19.9 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Созақтық полицейлер 6 ай ішінде 3500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Танымал

Ел аузында

Созақ аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті. Жиынның басты мақсаты – осы жылдың жарты жылдығында құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстардың нәтижесін талқылау.

Іс-шарада жеке құрам қызметкерлерінің арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы полиция подполковнигі Күмісбек Қамшыбеков баяндама оқыды. Сонымен қоса аудан бойынша полицейлермен 6 ай ішінде 3258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтар болсақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша – 40, белгіленбеген орында сауда жасау – 6, ұсақ бұзақылық – 5, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау – 107, қоғамдық орында мас халде жүру – 143, қорғау нұсқамасын бұзу – 2, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша 371 құқұқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар көлікте ұялы телефон пайдалану – 60, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 318, қарсы бағытқа шығу – 2, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 13, мас халде көлік басқарған – 17, жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелген.

Жиын кезінде тәртіп сақшыларының алдағы жұмыс жоспарлары айтылып, жеке тапсырмалар берілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...