Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты басталды

Танымал

Ел аузында

Атырауда Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатып жатқан компания өкілінен пара алды деген күдікпен ұсталған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен сыбайластырының соты басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақытгүл Хаменовамен бірге айыпталушылар орындығында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов бар. Екі шенеунік пара алғаны үшін сотталып жатса, Адамов пара бергені үшін істі болды. Пара көлемі – 4 млн 500 мың теңге. 

Бақытгүл Хаменова сот залына тергеу абақтысынан жеткізілді. Хаменованы қолдауға блогерлер, қоғам белсенділері, туыстары келді. Олардың көп болғаны соншалықты, сот залына сыймай кетті. 

Атырау облысының орынбасары айыптау актісінің көшірмесін алмаған болып шықты. Оның айтуынша, оған тергеу изоляторында белгісіз адам келіп, айыптау актісін табыстамақ болған. Бірақ шенеунік адвокатсыз құжатты алудан бас тартқан.

“Кім екенін білмейтін адаммен кездесуден бас тарттым. Бөтен адамдармен тек қорғаушыммен кездесемін. Ол болмағандықтан кездеспедім. Сол себепті айыптау актісін алмадым”, – деді Бақытгүл Хаменова.

Хаменова айыптау актісімен таныспағандықтан, сот отырсы кейінге қалдырылды. Туыстары Хаменовамен кездескісі келіп еді, күзетшілер оны алып кетті. Сот залында жылап отырғандар да болды.

“8 ай бойына қызымызды ұстап отыр. Әділдік қайда?” – деді туыстары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...