Алаяқтық жолмен ірі көлемде зейнеткердің ақшасын алдап алған әйел ұсталды

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның танысы зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, әбден сеніміне кірген. Осылайша сенімге кірген әйел тұрғыннан 1 637 000 теңге ақшасын алдап алған. Жарты жылдан аса уақыт өтсе де, берген уәдесінде тұрмай қашып жүрген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Полицейлер қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтық жасаған әйел анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде күдіктінің зейнеткерлікке шығарып беретінін айтып, алған ақшаны жаратып жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынатын, көшеде танысқан бейтаныс адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Оларға ақша беруде, ақша алуда оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізіңіз. Егер де, сіз, алаяқтыққа тап болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...