Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды – СІМ

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды», – дейді Смадияров.

Ол сонымен қатар Қазақстанның халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын сақтауды жақтайтынын, атап айтқанда бұл мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарары басымдыққа алынатынын атап өтті.

«Шет мемлекеттердің ресми делегацияларының Тайваньға сапары ҚХР үкіметімен келісу керек деп есептеймін», – деп қосты министрлік өкілі.

Еске салайық, бұған дейін 2 тамызда АҚШ билігіндегі үшінші адам саналатын Конгресс Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға ресми Бейжіңнің наразылығына қарамастан барған еді. Пелосидің бұл әрекеті аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтіп жіберді әрі Қытай мен АҚШ-тың арасына сызат салды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Мажарстан исламдық сәулет өнерінің мұрасы»

2024 ж. 13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және Мажарстанның Бас Консулдығы бірлесіп «Мажарстан исламдық сәулет...