Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы тұрғынының үйіне жасалған қарақшылық шабуылды анықтап, қылмысты ашты. Анықталғандай, қарақшы жәбірленушіні пышақпен қорқытып, ірі көлемде ақша салынған сөмкені ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Нақтырақ айтсақ, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне пышақ жарақатын алған әйелдің ауруханаға түскені туралы хабарлама келді. Тексеру кезінде ауыл тұрғынының үйіне белгісіз біреу кіргені белгілі болды. Яғни, күдікті ер азамат әйелге физикалық күш көрсетіп, пышақпен қорқытқан. Содан жәбірленушіге пышақ жарақатын салып, ішінде ақшасы бар сөмкені алып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» бойынша тіркелді. Келтірілген шығын көлемі шамамен 4 миллион теңгеден асты.

Еш қорықпастан өзгенің үйіне кіріп, ауыр қылмыс жасаған күдіктіні ұстауға тез арада Криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Олар күдіктіні анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде жедел уәкілдер бейнекамералардың бірінен жәбірленушінің ауласынан шыққан күдікті ер адамды байқады.
Жинақталған ақпарат көздері арқылы одан әрі іздестіру жұмыстарын жүргізген Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады. Аталған Сарыағаш қаласының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тінту кезінде жас жігіттен ұрланған ақшаның бір бөлігі мен басқа да айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» және ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Бүгінде орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз мүлкін сақтау шараларын қабылдау қажеттігі туралы ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үйлерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...