Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Алматы қаласынан тапты

Танымал

Ел аузында

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 2 күн алдын түнгі уақытта 15 жасар қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.

Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Нұрбол Есенбеков, жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды. Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 15 жасар қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына жетіп, одан ары Алматы қаласына кеткені белгілі болды. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Алматы қаласындағы туған әпкесінің үйіне барған болып шықты. Қазіргі таңда 15 жасар қызды үйіне жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Полиция қызметкерлері барша ата-аналарға өтпелі кезеңде жүрген ұл-қызымен досы ретінде сөйлесіп, араласатын ортасын қадағалауды ескертеді. Сонымен қатар жақындарыңыз жоғалған сәтте өздеріңіз іздеп, уақыт жоғалтпай бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...