Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қазақстанда балабақшаларды лицензиялау мәселесі қараша айына дейін шешілмек

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке биылғы жылдың 1 қарашасына дейін балабақшаларды лицензиялау мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-Министр Үкімет отырысында 2021 жылдан бері Қазақстанда 674 балабақша ашылғанын жеткізе отырып, Оқу-ағарту министрлігіне тапсырмасын жүктеді.

«Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Білім министрлігіне ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.

Ол халықтың мектепке дейінгі және мектептен, жоғары оқу орыныннан сапалы білім ала алуын қамтамасыз ету биліктің негізгі міндеттері екенін баса айтты.

Деректерге сәйкес қазір елімізде 10 800 балабақша болса, оның жартысы жекеменшік.

14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев балабақшалардағы балаларды ұрып-соғу, жұмыс істемейтін қызметкерге мемлекет ақшасынан беру сияқты келеңсіз жайттар орын алғанын айтты. Ол осыған орай үкіметке жекеменшік балабақшаларды қайта лицензиялауды енгізу мәселесін мұқият қарастыруды тапсырды.

Алайда бұл ұсынысқа байланысты Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Күленова қарсылық танытып, балабақшаларды лицензиялаудың салдары елде митингілерге ұласуы мүмкін екенін айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптың қатаңдатылатынын мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...