Үш қазақстандық жоғары оқу орны ғылыми зерттеу мәртебесін алады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрбек үкімет отырысында ғылыми-зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін университеттерді зерттеуге айналдыру жоспарланып отырғанын айтты.
Министрдің сөзінше, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазірдің өзінде зерттеу университеті мәртебесін алған.
«Гумилев атындағы ЕҰУ мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды ғылыми-зерттеу университетіне көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Нұрбек.
Сондай-ақ, ол шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы да баяндады.
«2021 жылы De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды. Петропавлда Arizona университетінің филиалы ашылып жатыр. Шетелдік университетпен ынтымақтастық аясында қос дипломдық білім беру бағдарламалары іске қосылды.
Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылады. Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Ұлттық зерттеу ядролық университетінің филиалы ашылып жатыр», – деді Нұрбек.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2023 жылы Нұр-Сұлтанда Michigan State University. мемлекеттік университетін ашу жоспарланып отыр.