Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда орташа жалақы өсті – Ұлттық статистика агенттігінің бюросы

Танымал

Ел аузында

Ұлттық статистика агенттігінің бюросы елімізде орташа жалақының өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда екінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңгені құрады. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24 пайызды, ал нақты мәнде 8,9 пайызды құрайды. Бұл ретте, жалақының медианалық мәні жалақы диапазонының орталық деңгейі – бағалау бойынша екінші тоқсанда 196 728 теңгені құрады», – делінген агенттік хабарламасында.

Бюро жалақының өсуі көптеген негізгі экономикалық қызмет түрлерінде байқалатынын атап өтті. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда ең үлкен өсім мына салаларда тіркелді:

  • құрылыста– 35,5 пайыз;
  • көлік және қойма шаруашылығында – 34,8 пайыз;
  • тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 28,3 пайыз;
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмен көрсеткіштер белгіленді – 12,1 пайыз;
  • басқа да қызмет түрлерін көрсетуде – 3,9 пайыз.

Бұл ретте өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Қызылорда облысында – 31,3 пайызды құрады. Ең аз өсім Нұр-Сұлтан қаласында -14,2%.

«Орташа айлық жалақы кәсіпорындардың тоқсан сайынғы есеп беруі негізінде есептеледі.Орташа мән қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, сондай-ақ салықтар мен басқа да аударымдарды ескере отырып қалыптастырылады.

Медиандық жалақы есептелген жалақы сомасы бойынша қызметкерлер санына және оны екі тең бөлікке төмен және жоғары жалақымен бөліп есептеледі», – деп түсіндірді Ұлттық статистика бюросының Еңбек және өмір сүру деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 285 433 теңгені құраған болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...