Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Елімізде жаңа оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады

Танымал

Ел аузында

Жаңа оқу жылындағы мектеп формасына байланысты қойылатын талаптар өзгеріссіз қалатыны белгілі болды. Енді ата-аналар балаларына дайындап, қойған немесе бұрын сатып алған формаларын кигізе алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір ата-аналардан мектептердің форманың түс, дизайнына қатысты шешімді өндірушілердің айтуымен қаблдайтынына байланысты шағымдар түскен болатын. Мектепке дейінгі және орта білім комитеті осыған орай енді өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылданғанын айтты.

“Бұл ретте ата-аналардың назарын талаптардың өзгермегеніне аударғымыз келеді. Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен өзінде бар форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады.

Облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін белгілеу қолжетімді форманы (нарықта немесе дүкенде) сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетілетінін атап өтемін. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қолдау көрсетіледі», – деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың мектеп формасына айтарлықтай өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...