Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасында Ашық есік күні өтті

Танымал

Ел аузында

Балалар жылы аясында Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына Нұрсұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми медицина» орталығының кардиолог дәрігері Ахмолдаева Әсия Ақылбекқызы арнайы шақыртумен келіп, балаларды тексеруден өткізді.
«Елімізде кардиологиялық, кардиохирургиялық және аритмогендік патологиясы бар балалар жиі кездеседі. Мұндай диагнозды ерте кезеңде анықтап және оның алдын алу маңызды. Сондықтан балалардың денсаулығын жиі тексеріп отыру қажет», – деді ол.
Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасы басшыларының бастамасымен ұйымдастырылған Ашық есік күні білікті маман 35-тен астам сәбиді қабылдап, ата-аналарға қауіпсіздік шаралары мен патологияның алғашқы белгілері туралы кеңес берді. Ұйымдастырушылар балаларға арналған акцияларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.
«Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында біздің өңірге білікті кардиолог маманды шақырып, балаларды тексеруден өткіздік. Балаларға медициналық көмек қолжетімді болуы үшін ендігі кезекте өзге де бейінді мамандарды шақыруды жоспарлап отырмыз», – деді аурухананың бас дәрігері Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлы.
Жалпы, ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары шалғай аудандар мен елді мекендердің тұрғындарын жиі тексеруден өткізіп тұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыдағы комьюнити-орталықтарда жастарға арналған диалог алаңдары өтуде

Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен барлық комьюнити-орталықтарда жастардың дамуына және олардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беретін түрлі диалогтық...