Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға айыппұл мөлшері 9 жарым млн теңге болмақ

Танымал

Ел аузында

Сенаторлар мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен болатын.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған сенаторлар мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша заң баптарын барынша қатайтуды, белгіленген айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен болатын.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 сәуірінен еліміздегі 1 АЕК – 3 180 теңге. Демек, ендігі уақытта мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Су тасқынының шарықтау шегі қашан болады? Ғалымдардың жауабы

Биыл елімізде көрші елден мол су келіп жатыр. Бұл ағын қашанға дейін жалғасады? Шарықтау шегіне қашан жетеді? Massaget.kz тілшісі сарапшылардың пікірін...