Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Дәрігерлерге төленетін ковидтік үстемақы ерте тоқтатылмады ма? Денсаулық сақтау министрі жауап берді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда дәрігерлердің коронавирусқа байланысты төленетін үстемақысы алынып тасталған болатын. Төлемдер ерте тоқтатылмады ма? Осыған байланысты медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейетін бола ма? Бұл сұрақтарға денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біріншіден, төлем туралы шешім елімізде эпидемиологиялық жағдай өршіп, төтенше жағдай жарияланған тұста енгізілген. Бұл кезең былтыр болды. Бірақ осыған қарамастан мемлекет төлемдер төлеп келді. Қазіргі таңда дәрігерлердің 99 пайызы вакцинацияланған. Демек олар қазір қорғанған. Қазір олардың вирустан сақтануға мүмкіндіктері бар. Ал ол уақытта ешқандай жағдай жасалмады. Иә, олардың жалақысы қосымша төленген төлемдерге жетпеуі мүмкін. Тіпті, ковид болсын, болмасын медициналық қызметкерлер қауіпті аймақта қауіпті инфекциямен жұмыс істеп жүр. Агрессивті аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер үстемақы алатын болады. Қандай коэффицентте қосылатынын біз қаржы министрлігімен бірлесіп ақылдасып жатырмыз. Әр жыл сайын біз дәрігерлердің жалақысын 30 пайызға көтеріп жатырмыз. Осылайша олардың орташа жалақысы – 500 мың деңгеге дейін жететін болады”, – дейді министр Алексей Цой. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...