Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Велосипед ұрлаған күдікті анықталды

Танымал

Ел аузында

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, «Атакент-Жетісай» тас жолының бойында оның «Asbike» маркалы велосипедін белгісіз біреу жасырын жымқырып кеткен.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, күдікті жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...