Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Алматы облысында той кортежінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны видеоға түсіп қалды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында той кортежі жол қозғалысы ережелерін өрескел түрде бұзған. Құқық бұзушылық көрінетін видеоны полиция әлеуметтік желідегі мониторинг барысында анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz басылымы мәліметінше, жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тексеру барысында ауыл жастарының бес көлік, соның ішінде екі Lexus GS 300 және үш Toyota Camry көлігін жалға алғаны анықталды. Жалға алған көлікте олар Междуреченск-Чапаево тас жолында достарының үйлену тойы күні кортеж ұйымдастырыпты.

Барлық жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігі «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезіндегі талаптарды сақтамау» және 601-бабының 1-бөлігі «Жол белгілерінде немесе жол белгілерінде көзделген талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Алдағы уақытта осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқиғаның барлық қатысушыларымен түсіндірме әңгіме жүргізіліпті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...