Бүгін үш өңірде 2 градус үсік жүреді

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік-батыс антициклон әсерінен  ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронттардың әсерінен күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста орталықта тұман түседі.

Түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстан құрылысшылар одағы президенті болып Ақан Бақытжан сайланды

РОЮЛ Қазақстан құрылысшылар одағы Ақан Бақытжан ұйым президенті болып сайланғанын хабарлайды. Қазақстан құрылысшылар одағы Президиумы төрағасы қызметін Талғат Ерғалиев жалғастырады....