Іле-Алатау тауларында заңсыз жүрген шетелдік азамат қазақстандық шекарашыларға қарсы оқ атқан

Танымал

Ел аузында

Іле-Алатауда шетелдік азаматты қолға түсіру кезінде ол қазақстандық шекарашыларға қарсы оқ атқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді.

«24 тамыз күні кешке Кеген ауданындағы Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде ҰҚК Алматы облысы бойынша Шекара қызметінің шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзған шетел азаматын ұстады. Шекара отрядының дауысын естіген тәртіп бұзушы тоқтау және құжаттарды көрсету талабын орындаудың орнына қолындағы аңшы мылтығынан әскери қызметшілер бағытына қарай оқ атып, қарсылық көрсетіп, қашып кетуге әрекеттенген», – делінген ақпаратта.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ, олар шекараның таулы учаскесін қорғау бойынша қызметін жалғастырды. Ұстау кезінде көрсеткен батылдық пен табандылықты ескере отырып, әскери қызметкерлерді көтермелеу мәселесі шешіліп жатыр», – деп қосты ҰҚК.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026 жылдың үшінші тоқсанында ресми түрде таныстырылады HONOR компаниясы 79-шы Cannes Film...