Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Үйлері өртеніп кеткен қостанайлықтардың банктегі несиелері жабылады

Танымал

Ел аузында

Сондай-ақ, әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жіберіледі.

Қостанай облысындағы өрттен үйлері жанып кеткен отбасыларға «Halyk Bank» 1 млн теңгеден береді және несиелерін жабады. Бұл туралы аталған банктің ресми Тelegram арнасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысында үйлері өртеніп кеткен әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жіберіледі. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалдауға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсайды.

Сонымен қатар, банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне қолданыстағы кредиттерін жабу туралы шешім қабылдады.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітте», – деп жазылған банктің Тelegram арнасындағы хабарламада.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте сағат 15:10-да Қостанай облысындағы Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде, «Басаман КШШ» КММ аумағында орман алқабы өртенген болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...