«Джайла» атты қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түсті.
Онда «Джайла» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіні көріп, үріп белгі береді.

Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап, бірден тексереді. Нәтижесінде күдікті азаматтың шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылады.

Алынған заттың «гашиш» есірткісі екені расталды.
Сондай-ақ орта жастағы азаматтың Өзбекстан елінің тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...