Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Еліміздің әуе компанияларына 21,4 млн теңге айыппұл салынды

Танымал

Ел аузында

Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін бірқатар авиакомпаниялар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация комитеті рейс кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапқа тарту жұмысын жалғастырып жатыр.

Осылайша, биылғы тамыздың үшінші онкүндігінде «Эйр Астана» әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі – «Fly Arystan» әуекомпаниясы) қатысты рейс кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.

Осы жылдың шілде айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясына жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) болатын алты айыппұл салынды.

«SCAT» әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан заңнамасының жолаушылар құқығын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан қайталап бұзу фактілері анықталған жағдайда шара қабылданады» делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...